Оңтүстік Қазақстанда қырым қанды безгегінен 54 жастағы ер азамат қайтыс болды

None
АСТАНА. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстанда қырым қанды безгегінен 54 жастағы ер азамат көз жұмды,

деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.

Сарыағаш ауданының Береке ауылында тұратын науқас Шымкенттегі инфекциялық ауруханаға мамырдың 17-сінде «Ауыр жағдайдағы жіті энтерколит» диагнозымен түскен болатын. Келесі күні ол қалалық инфекциялық ауруханаға ауыстырылады, сол күні көз жұмады.

Мамырдың 25-інде дәрігерлер оған нақты диагноз - «қырым қанды безгегі» диагнозын қойды.

Баспасөз қызметінің дерегі бойынша, марқұммен қарым-қатынаста болған 63 адам қазір медициналық бақылауға алынды.