Оның біріншісі Ордабасы ауданының Темірлан ауылындағы тұрғын үйде болды. Құтқарушылар ол жерден 79 жастағы ер адамның мәйітін тапты.
«2 қаңтар күні 10:26-да Ордабасы ауданы, Темірлан ауылының Сарбасов көшесіндегі 32-үйде өрт болды. Оқиға орнынан 1938 жылы туған ер адамның денесі табылды. Өрт 1 шаршы метрді шарпыған», - делінген хабарламада.
Сол күні Сарыағаш ауданындағы «Окси» шипажайының аумағында өрт болған. Жалын 12 метр жерді шарпыған, зардап шеккендер жоқ.