Оңтүстік Қазақстанда нан бағасы қымбаттамайтын болады
Бұл құжатқа «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі АҚ, ОҚО әкімдігі, «Астық одағы» мен «Астық өндірушілер мен нан пісірушілер одағы» арасында қол қойылды. Құжат облысқа ай сайын 34 мың тонна астық жеткізіп отыруға кепілдендірілген.
«Азық-түлік корпорациясы аграрлардан 2 млн. астықтың бір тонннасын 180 АҚШ доллары (26 мың 500 теңге) бойынша сатып алатын болады. Бірақ бұл тек ішкі нарықты қамтамасыз етуге арналған», - деді меморандумға қол қойылғаннан кейін ауыл шаруашылық министрі Ақылбек Күрішбаев.
Меморандум шартының орындалуы халық арасында көп сатылатын 1 сорттан дайындалған қалыпты нанның бағасын қымбаттатпайды. «Жеткізудің жылдық көлемі 439 мың тоннаны құрайды. Бұл тек қала тұрғындары емес, ауылдық жерлерді қоса алғанда ОҚО-ның барлық халқына арналған көрсеткіш», - деді А.Күрішбаев.