Бұл оқиға жөнінде бүгін Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның деректеріне қарағанда, келеңсіз жағдайды прокуратура қызметкерлері еліміздің денсаулық сақтау саласының жұмысына байланысты жүргізген тексеру жұмыстарының барысында Созақ ауданында анықтаған. Онда осы аудандағы ауруханалардың бірінің кардиолог дәрігері И.Каннова 2008 жылы қайтыс болған И.Ивановтың атына құны 92 мың 710 теңгені құрайтын «Моноприл», «Таллитон» сияқты препараттарды жазып қойған. Аталмыш факті бойынша дәрігерге қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізілуде.