Оңтүстік Қазақстанда «Саябақтар шеруі» акциясы өтуде
Шара Шымкет қаласының 1200 жаңа өсімдік отырғызылған дендропаркінде басталды. «Барлық көшеттер біздің тәлімбақта өсірілген. Олардың ішінде біздің өңір үшін экзотикалық катальпа, жапондық сафора, канадалық багряник, жіңішке қанатты лапина сияқты өсімдік түрлері бар. Сондай-ақ дәстүрлі вяз, қарағаш, айлант сияқты өсімдіктер де жетерлік», - деді Шымкент дендропаркінің директоры Әбутәліп Құламетов.
Ол сондай-ақ саябақтың қызметіне биыл облыстық бюджеттен 46 млн. теңге бөлінгендігін айтты. Қаржыландыру және сумен қамтамасыз ету бойынша мәселе жоқ. «Биыл бізде әзірге жоқ ағаштар мен бұталардың 20-дан астам тұқымдықтарын алуды жоспарлап отырмыз. Дендропарк 117 гектар алқапты алып жатыр, онда әлемнің барлық жерінен әкелінген 560-тан астам ағаш тұқымы өсіріледі», - деді Ә. Құлахметов.
Шара барысында облыстың орман шаруашылығының ағаш қоры кеңейтіледі. Бір айдың ішінде декоративті және қылқан жапырақты ағаштың 58 420 көшеті отырғызылды.
Оңтүстік Қазақстанда «Саябақтар шеруі» акциясы 2006 жылдан бастап өткізіліп келеді.