Оңтүстік Қазақстанда су тасуы мүмкін
16:26, 19 Мамыр 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстанда Сырдария өзеніндегі су деңгейі көтерілуі салдарынан су тасқыны болуы ықтимал, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
«Өзбекстан гидрометінің ескертуіне байланысты 19-23 мамырда Көкбұлақ гидропосты жағында Сырдария өзенінде су деңгейі ұлғаяды деп күтілуде, су тасқыны болуы ықтимал», - делінген хабарламада.