Оңтүстік Қазақстанда табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 48 факті анықталды

None
ШЫМКЕНТ.  Қазанның  26-сы.  ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Оңтүстік Қазақстан   облысында «Браконьер» республикалық  операциясының аясында   табиғат қорғау заңнамасын     бұзудың  48 факті анықталды.

 Бұл туралы  Оңтүстік Қазақстан   облысы  бойынша    Ішкі істер  департаментінің баспасөз қызметінен  хабарлады.

«Операция  қазанның  19-ынан бері  өтіп   жатыр.  Осы аралықта     заңсыз  аң аулаудың - 27 факті,  балық  аулаудың   - 13 факті,    заңсыз   қару-жарақ алып  жүрудің  - 4 факті    анықталды.  Заң  бұзушылардың  үстінен   48 әкімшілік  хаттама  толтырылды»,  деп   хабарлады  депаратменттің баспасөз  қызметінен. 

Атап айтқанда,   Созақ  ауданының  тұрғыны     заңмен    тыйым салынған  сексеуілді   отынға        кескен.     Әлгі азамат  3 текшеметрдей  отынды     көлігіне  тиеп  жатқан  жерінде ұсталды.

Рейд шаралары  қазанның  28-іне  дейін жалғасады.