Оңтүстік Қазақстанда тағы бір жаңа мектеп ашылды
12:30, 29 Қаңтар 2009
ШЫМКЕНТ. Қаңтардың 29-ы. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Оңтүстік Қазақстанның Сайрам ауданындағы Ақарыс ауылында жаңа мектептің ашылуына арналған салтанатты шара өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Екіқабатты типтік мектеп ғимараты барлық заманауи нормаларға сәйкес тұрғызылған. Білім ошағының іші де лайықты жабдықталып отыр - жаңа жиһаздар мен жабдықтар алынған. Мектеп 320 орынға есептелген. Құрылыс жұмыстары облыстық бюджеттің есебінен жүргізіліп, қазынаға 189 миллион теңгеге түсіп отыр. Кабинеттерді жабдықтауға жергілікті кәсіпкерлер де белсене көмектесті. Ақарыс ауылы орналасқан селолық округ ауданның ең алыс учаскелерінің бірі. Және бұл осы округте ашылып отырған төртінші мектеп.