Сондай-ақ, 6500 бала өзге өңірлер мен шет елдердегі лагерлерге барады. Өңірде жазғы лагерлер маусым айының бесінен бастап жұмысын бастайды. Осы демалыс орындарына облыстан әлеуметтік тұрмысы төмен, жетім және жартылай жетім он мыңға жуық бүлдіршін жаз айында лагерлерге тегін жіберледі. Сонымен қатар, қала ішіндегі оқушылар сарайының жанындағы «Балдаурен» лагері 600 баланы тегін қабылдайды. Онда келген балалар түрлі үйірмелерге қатысып, тарихи орындарға саяхат жасайды.