Оңтүстік Қазақстанда жеке үйде болған өрт кезінде үш адам қаза болды

АСТАНА. 29 қаңтар. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстанда жеке үйде болған өрт кезінде үш адам қаза болды,

деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.

Сенбіге қараған түні облыстың Мақтаарал ауданындағы Береке ауылында Бейбітшілік көшесіндегі 2 пәтерлі жеке үйден өрт шығып, тілсіз жау үш сағаттан кейін ғана ауыздықталды.

Өрт 35 шаршы метр ауданға жайылып үлгерген. Нәтижесінде үйдің төбесі ортасына түскен. Оқиға орнында үш адамның денесі табылды.