Оңтүстік Қазақстанның Сарыағаш ауданында Жол картасы аясында суару арналары тазалануда

None
ШЫМКЕНТ.   Қыркүйектің 3-і. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ -  Сарыағаш  ауданында 2500-ден астам      бұрынғы жұмыссыздар  «Жол  картасы» аясында   суару арналарын   тазалаумен  және    жаңа су арналарын    тартумен  айналысуда.

Атап айтқанда,  Құркелес селолық округіндегі «Құлтума»   суару арнасын  тазалау  жұмыстарында  жергілікті 14  тұрғын   еңбек етуде.    Бұл  су арнасы бітеліп, суды   егістіктерге   өткізбейтін қамыстар басып қалғалы  қашан.   Бүгінде   арнаның  өткізу    мүмкіндігі  қалпына келтірілді.  «Суару  ағынының артуы     егістік  алқаптарын  2  мың гектардан  астамға    кеңейтуге мүмкіндік  береді.  Яғни,   адамдарда жұмыс  та,  молшылық та болады»,  -дейді     Сарыағаш  аудандық  ауыл шаруашылығы   бөлімінің  бастығы  Нұржан   Парпиев.

Сарыағаш  ауданында    «Жол  картасы»  және  «Жастар тәжірибесі» аясында    4 мыңнан астам  адам  жұмысқа тұрғызылып  отыр.