Оңтүстік Қазақстанның Төлеби ауданында екі жасөспірім суға кетті
11:35, 09 Шілде 2009
АСТАНА. Шілденің 9-ы. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында, Төлеби ауданының Қызыл әскер ауылында кеше, шілденің 8-і күні, сағат 15.30-да Ащы су қоймасына шомылып жүрген екі жасөспірім суға батып кетті.
17 және 13 жастағы екі жасөспірімнің денелерін судан құтқарушылар алып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.