Оңтүстік Корей әскерилері қателесіп жолаушылар ұшағын атқылады

АСТАНА. 18 маусым. ҚазАқпарат - Оңтүстік Корей әскерилері Қытайдан ұшып келе жатқан жолаушылар ұшағына қателесіп оқ жаудырды.

Сарбаздардың ол ұшақты Солтүстік Корей Әскери-әуе күштерінің ұшағы деп қалғаны мәлім болды, деп хабарлайды РБК.

Ресми мәліметтер бойынша, әскерилер оңтүстіккорейлік Asiana Airlines компаниясының лайнерін винтовкамен атқан. Ұшақ бортында 100 адам болған, ешкім зардап шекпеген.

Оқиға Оңтүстік және Солтүстік Корейдің шекарасындағы жағдайдың ушығуы нәтижесінде орын алып отыр. Мамыр айының соңында Пхеньян Сеулмен қарым-қатынасты үзетінін мәлім еткен еді.