Оңтүстік Корея 2011 жылы Қазақстанда өтетін VII қысқы Азия ойындарына қолдау көрсетуге ниетті

АСТАНА. Мамырдың 13-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Оңтүстік Корея 2011 жылы Қазақстанда өтетін VII қысқы Азия ойындарына қолдау көрсетуге ниетті. Бұл туралы бүгін Ақордада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Корея Республикасының Президенті Ли Мён Бак қабылдаған Бірлескен мәлімдемеде айтылған,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Корей тарапы 2011 жылы Қазақстанда өтетін қысқы Азия ойындарының сәтті болуына қажетті қолдау көрсету ниетін білдірді. Қазақстан тарапы 2012 жылы Ёсу қаласында өтетін ЭКСПО халықаралық көрме жұмысына белсенді түрде қатысуға ықылас танытты», делінген Бірлескен мәлімдемеде.