Оңтүстік Корея арандату бола қалған жағдайдың әскери жоспарын әзірледі

СЕУЛ. Маусымның 8-і. ҚазАқпарат – Оңтүстік Корея Сары теңіздегі батыс шекара ауданында Солтүстік Корея тарапынан қарулы арандатушылық бола қалған жағдайға арнап әскери жоспар әзірледі.

Пхеньян оңтүстіккорейлік жауынгерлік кемелерге зымырандық соққы жасай қалғанда, әуе, теңіз және құрғақтағы күштер арқылы Солтүстік Кореяға жасалатын шабуылдың жоспарын Президент Ли Мён Бак мырзаға штаб басшылары комитетінің төрағасы генерал Ким Дэ Ён баян етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ИТАР-ТАСС агенттігіне сілтеме жасап. «Бұл, Солтүстік Корея тарапынан бұдан былай зымыранның ұшырылуына жол бермеуге негізделген біздің жауап шараларымыз», деп хабарлады Ренхап агенттігі дерек көзге сілтеме жасап. Сәуірдің 25-інде екінші рет ядролық сынақ жасаған Солтүстік Корея, кейбір мәліметтер бойынша, батыс жағалауда алыс қашықтыққа арналған баллистикалық зымыранды ұшыруға дайындап жатқан көрінеді.