Оңтүстік Корея басшысы соғысқа әзірленуге шақырды

None
АСТАНА. 10 наурыз. ҚазАқпарат - Оңтүстік Корея Президенті Пак Кын Хе армия мен америкалық әскери әріптестерін соғысқа дайын болуға шақырды, деп хабарлайды 24.kz.

«Егер Солтүстік Корея Оңтүстік Кореяға ядролық шабуыл жасаса, Ким Чен Ын режімі жер бетінен жойылады», - делінген оңтүстіккореялық қорғаныс ведомствосының хабарламасында.

8 наурыз күні Солтүстік Корея Пхеньян мен Сеул арасындағы шабуыл жасамау жөніндегі келісімдерден біржақты бас тартатыны туралы мәлімдеген болатын. Бұл мәлімдеме БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі тарапынан 12 ақпандағы ядролық сынаққа байланысты КХДР-ға санкцияларды күшейту жөніндегі шешімінен кейін жасалды.