"Жылдың аяғына дейін КХДР-ға қарсы бағытталған он жаңа дауыс зорайтқыш қосуды жоспарлап отырмыз", - деп хабарлады шенеунік.
Қазір мемлекеттерді бөліп тұрған қарусыздандырылған аймақ бойында 11 хабар тарату стансасы орнатылған. Оңтүстік Кореяда оларды өзінің солтүстіктегі көршісіне қарсы психологиялық, ақпараттық және насихаттық соғыстың маңызды құралдарының бірі деп есептейді.
Хабар таратуды КХДР ядролық қаруды сынағаннан кейін ағымдағы жылдың қаңтарында қалыпқа келтірді.
Әзірге радиостансалар он шақырым жердегі қашықтықты жабады. Дауыс зорайтқыштар саны артқан соң хабар тарату радиусы кеңейеді.
фото: caravan.kz