АСТАНА. 16 қыркүйек. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяда көзге көрінбейтін зәулім ғимарат салынады. Сәулет компанияларының бірі қазірдің өзінде Сеул әуежайы маңында «Шексіздік» деп аталатын зәулім ғимарат құрылысына рұқсат алды.
Бұл жайында шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары жазуда.
Биіктігі 450 метрді құрайтын ғимарат әлемдегі ең зәулім нысандардың біріне айналатын болады. Оның ерекшелігі ғимарат қасбетіне камералар мен жарық диодты проекторлар орнатылады. Сәулетшілердің айтуынша,олар корейлік инновациялық технологияларды паш ету үшін әлемдегі ең бірінші көзге көрінбейтін ғимаратты тұрғызуды мақсат тұтуда.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.