Оңтүстік Корея КС төрайымы жұмысқа шашына оралған бигудимен келді
Оған себеп, ол шашынан алып тастауға ұмытып кеткен - бигуди. Судья Оңтүстік Корея президентінің импичментіне қатысты КС үкімін жариялауы тиіс болған, деп хабарлайды versia.ru.
Оңтүстік Корея Конституциялық сотының төрайымы Ли Чон Ми жұмысқа бигуди оралған шашымен келіп, елдегі ең еңбекқор әйел деген атаққа ие болды. 54 жастағы әйел ел президентінің импичментіне қатысты КС-тің шешімін жариялауға асығып, шаш бұйралайтын құралды басынан алып тастауға ұмытып кеткен. Оңтүстік Кореяның көптеген азаматтары Лидің бұл әрекетін ұқыпсыздық емес, еңбексүйгіштік пен өз ісіне деген адалдық ретінде қабылдады.
Ел тұрғындары 2014 жылы «Севоль» паромының апатынан кейін мемлекет басшысының резиденциясына шұғыл түрде шаштараз шақырылғанын еске алды. Анықталғандай, президент көңіл айту сөздерін шашын сәндемей жасағысы келмеген.
Айта кетейік, 9 желтоқсанда Оңтүстік Корея парламенті президентті қызметінен босатуды қолдап, дауыс берді. Араға 10 күн салып осы іске қатысты алғашқы сот отырысы өтті. Конституциялық сот импичментті құптады.
Оңтүстік Корея басшысының айналасындағы дау-жанжал оның мемлекеттік қызметке қатысы жоқ құрбысы Чхве Сун Сильмен байланысты. Бұл оның мемлекеттік саясатқа ықпал ететіндігін білдіреді. Бұдан басқа, Чхве ірі оңтүстіккореялық корпорациялардан қаржы алып өзінің коммерциялық емес қорларына аударды деген күдікке ілінген. Прокуратура президенттің бұл қылмыстық әрекетке қатысы бар деп есептейді.