lenta.ru-дың жазуынша, жаттығуға 50 мың оңтүстіккореялық және 30 мың АҚШ-тық жауынгерлер тартылған. АҚШ жауынгерлерінің 3 мыңы өз елінен келсе, қалғандары шетелдік базалардан шақырылып отыр.
Айта кетейік, бұл жаттығуға қатысты Корей Халық Демократиялық Республикасының басшылығы наразылығын білдіріп, Оңтүстік Корея мен АҚШ-тың бірлескен жаттығуларын «ядролық соғысқа дайындық» деп бағалаған болатын. Осыған жауап ретінде ресми Пхеньян «аяусыз ескертпе соққы» беретінін мәлімдеген. Бұл туралы КХДР-ның Орталық телеграф агенттігі (КОТА) Корей халық әскері бас штабының ресми өкіліне сілтеме жасай отырып, хабарлаған болатын.
14 тамызда Пхеньян жаттығуларға наразылық ретінде қысқа қашықтықтағы үш зымыранын Жапон теңізі бағытында сынақтан өткізген еді. Олар Оңтүстік Кореяға Рим Папасы Францисктің келуіне жарты сағат қалғанда жіберілген болатын.