Оңтүстік Корея парламенті жаңа премьердің кандидатурасына дауыс береді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Корея Республикасы президентінің әкімшілігі Ұлттық жиналысқа (парламент) ел премьер-министрінің орнына Чолла-Намдо провинциясының бұрынғы губернаторы Ли Нак Ёнді бекіту туралы тыңдау өткізу өтінімін жіберді, деп хабарлады ресейлік ТАСС агенттігі.

Заң бойынша Ұлттық жиналыс 20 күн ішінде тыңдау өткізіп, сосын Ли Нак Еннің кандидатурасына дауыс беруі тиіс. Президент әкімшілігі мен «Тобуро» демократиялық партиясы бұдан бұрын Ли Нау Еннің кандидатурасын тездетіп мақұлдау үшін бар күшін салатынын айтқан. Бұл үкіметтің толыққанды жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

Корея Республикасының жаңа президенті Мун Чжэ Ин 10 мамырда премьер-министрдің орнына Чолла-Намдо провинциясының бұрынғы губернаторы Ли Нак Ёнді ұсынды. Бұдан бұрын ол 21 жыл журналист болып жұмыс істеді, сосын 14 жыл депутат, үш жыл провинция губернаторы қызметін атқарды.

Еске сала кетсек, Мун Чжэ Ин 9 мамырда 41,1% дауыс жинап, Корея Республикасында өткен президент сайлауында жеңіске жеткен.