Юн Ги Чжун Ёнсе университетінің құрметті профессоры болды және 1973-1997 жылдар аралығында студенттерге қолданбалы статистика пәнінен сабақ берген.
Хабарланғандай, профессор Сеул ұлттық университетінің ауруханасына жатқызылды. Президент әкесінің соңғы демі қалғанша оның қасында болды.
Ресми тұлғалардың айтуынша, Юн Ги Чжунды жерлеу рәсімі Сеулде өтеді.
Жұма күні Юн Сок Ёль Вашингтон маңындағы Кэмп-Дэвидтегі АҚШ Президентінің резиденциясында АҚШ, Жапония және Оңтүстік Корея көшбасшыларының үшжақты саммитіне қатысады деп күтілуде.
16:56, 15 Тамыз 2023
Оңтүстік Корея президентінің әкесі 92 жасында дүние салды
СЕУЛ. ҚазАқпарат – Сейсенбі күні Сеулде Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёльдің әкесі Юн Ги Чжун 92 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Yonhap-қа сілтеме жасап.