ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Тарбағатай жерінде республикалық деңгейде осымен XVIII рет өтіп отырған жарысқа барлығы 12 команданың намысын қорғайтын 120 спортшы қатысуда.
Тарбағатайлықтардан бөлек, сайысқа Алматы, Астана, Өскемен, Семей қалаларынан және Аягөз, Жарма, Күршім, Зайсан сынды аудандардан жас боксшылар келді. Сонымен қатар, Оңтүстік Кореядан жас былғары қолғап шеберлері де бақ сынауда.
Спортшылар барлығы 13 салмақ дәрежесінде мықтыны анықтайды.
Жарыс қорытындысы 4 қарашада белгілі болады.