АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Корея Қорғаныс министрі КХДР-дің шолғыншы кемелері сейсенбіге қараған түні Оңтүстік Кореяның аумақтық суларына үш мәрте кіріп, теңіз шекарасын бұзғанын мәлімдеді.
Ведомство өкілінің сөзіне қарағанда, аталған кемеге қарай оқ атылмаған және Оңтүстік Корея тарапынан ескерту жасалғаннан кейін өздерінің аумағына қарай кеткен.
Қорғаныс министрлігінің пайымынша, олар шекараны бұзу арқылы оңтүстіккореялық әскердің әзірлігін тексеріп көрмек болған.
Жақында Оңтүстік Корея мен АҚШ бірлескен жауынгерлік оқу-жаттығуға кірісті. Бұған 12,5 мың америкалық әскерилер қатысуда.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.