АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Корея қарулы күштері штабының бастығы Чан Чжун Гю жапондық әріптесі, Жапонияның өзін-өзі қорғау жаяу әскери күштері штабының бастығы Киёфуми Иватамен сегіз жылдан кейін кездеседі.
Рёнхап агенттігінің мәліметтерінше, оңтүстіккорялық генералдың Токиоға сапары 17-18 сәуір күндері өтеді. Тараптар қорғаныс саласындағы екіжақты ынтымақтастық пен екіжақты алмасуды кеңейту шараларын талқылайтыны күтіліп отыр.
«Генерал Чан Жапонияның өзін-өзі қорғау күштерінің жоғары қызметтегі өкілдерімен, сондай-ақ жапондық әскери академияларында білім алып жүрген оңтүстіккореялық қызметкерлермен кездесулер өткізеді», - деп мәлімдеді оңтүстіккореялық әскери қауым.