Оңтүстік Кореяда 25 құрылысшы тірідей жанып кетті

ИНЧХОН. ҚазАқпарат – Сәрсенбі күні Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында 25 құрылысшы өрттен қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ренхап» агенттігінің мәліметінше, өрт сәрсенбі күні жергілікті уақытпен 13:32-де басталған. Болжам бойынша, өрттің шығуына құрылыс жұмыстары кезіндегі жарылыс себеп болған.

«Қызыл жалын тез тарағандықтан адамдар эвакуцияланып үлгермегенге ұқсайды», - дейді оқиға орнына келген өрт сөндірушілер.

Оңтүстік Корея билігі іздеу-құтқару операциясын ұйымдастыруға қолда бар ресурстың барлығын жұмылдыруға бұйрық берді.