Операция өткен жылдың қазан айында елордалық Асан медициналық орталығында Ким До Ен дәрігердің жетекшілігімен жасалған болатын. 7 жастағы Чхо Ин Со есімді қыз 6 жыл бойы ішкі құрылыстың ауруынан зардап көрген. Оның бауыры, ұйқы безі, аш ішек пен асқазан, ұлтабар, жуан ішік және көкбауыр ауыстырылды.
Бұндай сирек кездесетін аурумен Оңтүстік Кореяда шамамен 10 мың адам зардап шегеді. Жергілікті дәрігерлер бұл аурудан құтылудың бір ғана амалы - ішкі құрылысты ауыстыру болып табылатындығын айтады.
Ішкі құрылыс органдарын ауыстыру сәтті өтті. Чхо Ин Со өткен жылдың қазан айынан ауыр тамақтарды жемейді, осы аптада ол ауруханадан шығарылады.
«Оның ішкі құрылыстағы органдарының көбісі жұмыс істемеді, сондықтан да біз бұл операцияға екі жыл бойы дайындалдық. Бақытқа орай, донор табылды», - деді дәрігер Ким До Ен.