Оңтүстік Кореяда актер өзінің саусағы пішінді ерекше үй салмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Есімі аталмаған оңтүстіккорейлік актер дизайнерге ерекше мұнара түріндегі тұрғын үй жобасын дайындауға тапсырыс берді.

Нәтижесінде, оған ұсынылған нұсқалардан біреуі таңдап алынды, деп жазады newsru.com.
«ArchPaper» хабарлағандай, сәулетші Мун Хун екі қасбеті бар 5 қабатты мұнараның жобасын дайындап берген. Ол тапсырыс берушінің иесінің саусағына ұқсайды. Сондай-ақ, оның саусағының таңба ізі де бейнеленбек. Мұнараның ең жоғарғы қабатында бақшасы бар пентхаус орналасқан. Мұнда актер өзі тұрмақ. Ортаңғы қабаттарда студия-пәтерлер болады, оны есі жалға да бере алады. Астыңғы қабаттарда автотұрақ болмақ.

Ғимаратты Сеулде салу жоспарланған. Құрылыс келесі көктемде басталуы тиіс.