Үкiмет 60 миллион долларды құрайтын дәрі егуден бас тартты. Сонымен бірге аусылды әлеуетті таратушылардың көзін құртуға шешім қабылдады.
Қазірдің өзінде миллионнан астам шошқа тірілей көмілді. Сарапшылар өлген малдардың арасында сауы да болғанын айтып отыр. Ірі қара малдарды сою кезекте тұр. Билік корей фермерлері мен экологтарының шеруіне құлақ асып жатқан жоқ.