«Аталған іс-шарада Оңтүстік Кореядағы Қазақстан азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау, соның ішінде біздің азаматтарымыз үшін еңбек рұқсаттары жүйесін құру мәселелерін талқылау жоспарланған», - деді А. Смадияров елордада өткен баспасөз мәслихатында.
Сонымен қатар ҚР Үкіметі мен Корея Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан азаматтары саналатын еңбекші-мигранттардың еңбек қызметі және олардың құқығын қорғау туралы келісімнің жобасы қаралмақ.
Бұдан бұрын хабарланғандай, жақында Оңтүстік Кореяға заңсыз кірді деп күдікке ілінген Қазақстанның екі азаматының ісі сотқа жолданды.