Кореяның ауруларды қадағалау және алдын алу агенттігінің (KDCA) хабарламасына қарағанда, COVID-19 вирусына шалдығудың 2482 жаңа жағдайы тіркелген. Осымен ауруға шалдыққандардың жалпы саны 373 120 адамға жетті.
Он айдың ішінде қауіпті вирустан қайтыс болғандар саны 24 адамды құрады, ал жалпы саны 2916 адамға жетті. Бұл – 12 қаңтардан бері тіркелген ең жоғары көрсеткіш. Ол кезде COVID-19 вирусынан 25 адам көз жұмған еді. Өлім көрсеткіші 0,78 пайызды құраған болатын.