Оңтүстік Кореяда MERS вирусын жұқтырған 33-ші науқас көз жұмды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяда MERS коронавирусынан қаза болғандардың саны 33-ке жетті, деп хабарлады Би-Би-Си.

Ренхап агенттігінің хабарламасында ауруханада MERS вирусын жұқтырған тағы бір адам көз жұмғаны нақтыланды. Науқас ауруы асқынғаннан қаза болған.

Соңғы бірнеше күн ішінде ауруды жұқтырғандар тіркелмеген.