Оңтүстік Кореяда мылтық атудан Әлем кубогының кезеңдік сайыстары басталды

АЛМАТЫ. Сәуірдің 8-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Оңтүстік Кореяның Чангвон қаласында мылтық атудан Әлем кубогының кезеңдік сайыстары басталды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Станислав Лапидус жаттықтыратын ұлттық құрама спортшылары оған сәуірдің 6-сы күні аттанған болатын. Сәуірдің 8-15 күндері өтетін бұл дүбірлі додада ел намысын алматылық Зәуреш Байбосынова, павлодарлық Юлия Бондарева мен шымкенттік Рашид Юнусметов қорғайды. Олар бұл жарыстан кейін сәуірдің 16-22 күндері Қытайдың Бейжің қаласында өтетін Әлем кубогының екінші кезеңіне қатысып, сәуірдің 26-сында елге оралады», дейді команда бастығы Надежда Лапидус. Оның айтуынша, Әлем кубогының 3-4 кезеңдері мамыр айында Германия мен Италияда өтпек.