Оңтүстік Кореяда пандемия басталғалы ең жоғары вирус жұқтыру көрсеткіші тіркелді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяда коронавирустық инфекцияға шалдыққандардың саны артуда. Елде індетті жұқтырудың тәуліктік өсімі 794 жағдайға жетті.

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.

«Бұл – инфекция елге енгеннен бері ең жоғары көрсеткіш. Жаңа жағдайлардың 80% Сеулде және оның маңындағы елді мекендерде анықталған. Осыған қарамастан, билік жақын күндері шектеулерді жеңілдетуді жоспарлап отыр. 6 адамның қатысуымен өтетін кездесулерге рұқсат етіледі деп күтілуде, ал тамақтану орындары енді түнгі сағат 10:00-ге дейін емес, 12:00-ге дейін жұмыс істемек»,-делінген хабарламада.