Ел пандемияның жаңа толқынына дайындық үстінде, билік вируспен күресу үшін қатаң шаралар енгізу мәселесін қарастырып жатыр.
Кореяның Ауруларды бақылау және алдын алу агенттігінің (KDCA) дерегіне сай, елде COVID-19 жұқтырудың жаңа 1 275 жағдайы, сонымен қатар 1 227 жергілікті инфекция тіркелген. Нәтижесінде коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 164 028-ге жетті.
Бұл – өткен жылдың 20 қаңтарынан бергі ең көп көрсеткіш. Ол күні елдегі коронавирус жұқтырудың алғашқы жағдайы анықталған еді.
Одан бөлек, бірінші рет елдегі вирус жұқтырғандардың тәуліктік көрсеткіші қатарынан екі күн 1 200-ден асып тұр.
Қайтыс болғандар саны 2 034-ке дейін көбейді.