Оңтүстік Кореяда пойыз теміржолшылар бригадасын қағып кетті, құрбан болғандар бар

АСТАНА. 9 желтоқсан. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяда электр пойызы бір топ теміржол қызметкерлерін қағып кетті, деп хабарлады ресейлік «Жаңалықтар» агенттігі.

Олардың 5-уі қаза тапты, 1-уі ауыр жарақаттанған, деп хабарлады KORAIL жергілікті темір жол компаниясының операторы.

Апат түнде, Сеул мен Инчхон халықаралық әуежай жолын жалғастыратын тұратын теміржолда болған. Онтүстік Кореяның астанасынан 27 шақырым жердегі "Гуйян" стансасы ауданындағы бекетте жұмысшылар темір жолды қысқы маусымға дайындап жатқан. Сол кезде күтпеген жерден оларды пойыз қағып кеткен. Апаттың нақты салдары анықталмаған. KORAIL компаниясының мәліметінше, жол бойына жұмысшылар тиісті рұқсатсыз шыққан.