Оңтүстік Кореяда студент қыздардың 8 пайызы өздеріне қол жұмсамақ болған

АСТАНА. 27 қаңтар. ҚазАқпарат - Оңтүстік Корея мектептерінің жоғары сыныптарында және жоғары оқу орындарының бірінші курстарында оқитын әр он қыздың үшеуі, өмірлерінде бір рет болса да, өздеріне қол жұмсау туралы ойлаған.

Ал студент қыздардың 8 пайызы өздеріне қол жұмсауға әрекет жасаған да, деп хабарлайды ВВС телекомпаниясы.

Оңтүстік Кореяның Отбасы істері жөніндегі министрлігі жүргізген сауалнама барысында бүкіл ел бойынша 69,5 мыңдай студент қыздан жауап алынған. Респонденттердің 22,2 пайызының мойындауынша, былтыр жыл бойына бір рет болса да, олардың бастарына өздеріне қол жұмсау туралы жаман ойлар келіпті.