Корей метеорологиялық басқармасының мәліметінше, тайфун аралға сағатына 16 шақырым жылдамдықпен жеткен. Өңірде түнімен жаңбыр жауған.
Дауыл мен нөсер жаңбырдың салдарынан 20 жастағы бойжеткен із-түссіз жоғалып, бір ер адам жарақат алды. Аралда электр қуаты өшіп, шамамен 6 500 үй жарықсыз қалған.
Тайфун жұма күні түннің ортасында Оңтүстік Кореяның оңтүстік бөлігіне, Сеулге жұма күні шамамен таңғы 7-лерде жетеді деп күтілуде.
Елдегі теңіз порттары қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында уақытша жұмысын тоқтатты. Сондай-ақ, негізгі 9 әуежайдан ұшатын 216 рейс тоқтатылды. Бұдан бөлек, Оңтүстік Кореяның 1 490 мектебінде сабақтар кейінге қалдырылды.
Корей метеорологиялық басқарманың мәліметінше,дауыл бүгін-ертең Шығыс теңізге жетіп, Ресейдің Приморский кентіне қауіп төндіруі мүмкін.
Фото: www.meteonova.ru