«18 сәуір күні Оңтүстік Кореядағы қаланың бірінде Қазақстан Республикасы азаматтарының қатысуымен төбелес болған. Қазақстан азаматтары ол жерде заңсыз жүрген», - деп хабарлайды ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.
Төбелес кезінде жергілікті полиция Қазақстанның 19 азаматын ұстаған.
«Оңтүстік Кореядағы ҚР Елшілігінің консулдық бөлімі болған оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Біздің дипломаттар аталмыш мәселені бақылауда ұстауда. Жергілікті полициямен және көші-қон қызметімен байланыста жұмыс жүргізіп жатыр», - деді Айбек Смадияров.