Кореяның Ауруларды бақылау және алдын алу агенттігінің (KDCA) деректеріне сай, елде COVID-19 жұқтырудың 1 316 жағдайы, оның ішінде 1 236 жергілікті инфекция тіркелген. Нәтижесінде жұқтырғандардың жалпы саны 164 028-ге жетті.
Бұл – өткен жылдың 20 қаңтарынан бергі ең жоғары көрсеткіш. Сол күні Оңтүстік Корея елдегі алғашқы коронавирус жұқтыру жағдайын анықталған болатын.
Одан бөлек, бірінші рет елдегі тәуліктік жұқтыру саны үш күн қатарынан 1 200-ден асып отыр. Көрсеткіш дүйсенбі күні 711, сейсенбі күні 746, сәрсенбіде 1 212 және бейсенбіде 1 275 болған.
Елде COVID-19-дан тағы екі адам қайтыс болды, нәтижесінде жалпы өлім саны 2 036-ға дейін көтерілді.