Оңтүстік Кореяда жан түршігерлік жол апатынан 4 адам қаза тауып, 9-ы жарақат алды
08:26, 22 Шілде 2019
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Дүйсенбі күні таңертең Корея Республикасының солтүстік-шығысындағы Канвондо провинциясында 16 жолаушысы бар фургон аударылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Yonhap агенттігіне сілтеме жасап.
Апат салдарынан төрт адам оқиға орнында көзжұмды. Тағы тоғыз жолаушы жарақат алып ауруханаға жеткізілген, оның үшеуі халүстінде жатыр. Жол апаты 7:33-те Самчхок қаласында болған.
Полицияның мәлімдеуінше, 16 жолаушыныңішіндегі жетеуі шетелдіктер болған, қазір соның үшеуінің қайда екені белгісіз.
Полицейлердің сөзіне қарағанда, жолаушылар егістанаптарында жұмыс істеуге бара жатқан.
Қазір апат салдары тексеріліп, жол ережесібұзылған-бұзылмағаны анықталып жатыр.