Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазіргі уақытта олар Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласындағы жиында Дүниежүзілік армияшылардың спорттық ойындарына дайындалуда. Дауыс беру үшін олардың барлығы Сеул қаласына жол тартты, онда алдын ала арнайы сайлау учаскесі құрылған болатын. Айта кету керек, уақыттың айырмашылығына байланысты күн шығыс елінде жүрген қандастарымыз 5 сағат бұрын өз таңдауын жасап үлгерді.
«Мен Қазақстан Республикасына қызмет етемін, сондықтан да Президент сайлауына қатысуды өз борышым деп санаймын. Ел болашағы оның азаматтарының қолында болғандықтан, әрбір қазақстандықтың дауысы өте маңызды», - дейді ҚР ҚМ АОСК әскери қызметшісі Алмас Мүкаманов.
Таэквондодан ҚР Қарулы Күштері командасының құрамында ҚР ҚМ АОСК әскери қызметшілері Әнуар Үсенов, Алмас Мүкаманов, Исламғали Әбуов, Марат Әбдіқалиев, Руслан Жапаров, Мереке Жүнісова және Сұлтан Қалибекұлы бар.
Осы кезде, Оңтүстік Кореядан бөлек, Ресейде, Беларусьте, Украинада, Түркияда, АҚШ-та, Қытайда, Ұлыбританияда, Германия мен Үндістанда жүрген 400 ден астам әскери қызметшіміз дауыс беруде. Осыған орай аталған елдердің ірі қалаларында уақытша сайлау учаскелері құрылған.