Жолаушысы бар пойыз Канныннан Сеулге 103 км/сағ жылдамдықпен бара жатқанда, жергілікті уақытпен 07:35-те 10 вагонының барлығы рельстен шығып кеткен. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.Корея Республикасының Мемлекеттік аумақтар, инфрақұрылым және көлік министрлігі оқыс оқиғаның себептерін анықтау үшін арнаулы топты жіберді.
Yonhap News-тің хабарлауынша, бұл Каннын мен Сеул арасындағы алғашқы ірі теміржол апаты. Теміржол Пхенчхандағы қысқы Олимпиада ойындарының қарсаңында, 2017 жылдың желтоқсанында ашылған болатын.
11:06, 08 Желтоқсан 2018
Оңтүстік Кореяда жүрдек пойыз рельстен шығып кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сенбі күні Корея Республикасында жүрдек пойыздың рельстен шығып кетуінің салдарынан кем дегенде 14 адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Yonhap News агенттігіне сілтеме жасап.