«Оңтүстік Кореядағы жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер арасындаҚазақстан азаматтары тіркелмеді», - делінген ҚР СІМ баспасөз қызметі таратқан мәліметінде.
Бұдан бұрын хабарланғандай, дүйсенбі күні таңертең Корея Республикасыныңсолтүстік-шығысындағы Канвондо провинциясында 16 жолаушысы бар шағын автобус аударылды.
Апат салдарынан төрт адам оқиға орнында көз жұмды. Тағы тоғыз жолаушыжарақат алып ауруханаға жеткізілген, оның үшеуі хал үстінде жатыр. Полицияныңмәлімдеуінше, 16 жолаушының ішіндегі жетеуі шетелдік болған.