Оңтүстік Кореядағы концертте 14 адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореядағы концертте 14 адам қаза тауып, тағы 11-і жарақат алды, деп хабарлайды шетелдік БАҚ.

«Ренхап» агенттігінің мәліметіне қарағанда, желдеткіштің темір торы адамдардың салмағын көтере алмай құлаған. Көрермендер 20 метр тереңдікке, жер астында орналасқан автокөлік тұрағына құлаған.