Жергілікті уақыт бойынша, сағат 19-00-дегі жағдай бойынша, сайлаушылардың 75,1 пайызы немесе 31,9 млн адам дауыс берді, делінген сайлау комиссиясының хабарламасында. Бұл тізімге 4 және 5 мамыр күндері де дауыс берген 26,06 процент электорат та кіреді. Оңтүстік Кореяда тұрғындардың 42,48 млн-ның немесе жергіліктің халықтың 82 пайызында дауыс беру құқығы бар.
Сайлаудың толық қорытындысы 10 мамырдың екінші жартысында жария етілетін болады. Алайда, жеңімпаздың аты-жөні бүгін-ақ белгілі болады. Президенттік сайлаудың көшбасшысы Демократиялық партия атынан сынға түсіп отырған Мун Чжэ Ин болып отыр.
Соңғы рет жүргізілген сауалнамаға қарағанда, Мун Чжэ Инді дауыс беруге құқығы бар тұрғындардың 42 пайызы қолдап отыр.