«Samsung штаб-пәтеріндегі оқиға туралы әзірге пікір бере алмаймыз. Бірақ, Қазақстандағы өкілдік әдеттегідей, еш қиындықсыз жұмыс істеуде», - деді ол.
Еске сала кетсек, Оңтүстік Корея прокуратурасының Samsung Group кеңселерінде тінту жүргізіп жатқаны хабарланған еді. Компания саяси дау-дамай ортасында қалған ел президентінің жақын адамы Чхве Сунь Сильмен байланысы бар деп айыпталуда.
Саяси дау-дамай Чхве Сун Силь Оңтүстік Корея президенті Пак Кын Хеге ел алдында сөйлейтін сөздерінің мәтінін жазып береді деген қауесеттерден басталды. Чхве Сун Сильге мемлекеттік іске араласты деген айып тағылып отыр.
Атап өткен жөн, бұл әлемге танымал корейлік компанияларға қатысты бірінші оқиға емес. Қыркүйек айының соңында Lotte Group маңайында жанжал шықты. Оңтүстік Корея прокуратурасы компания топ-менеджерін пара берді және 181 млн доллар жымқырды деп айыптады. 2014 жылы Оңтүстік Кореяның Lotte Confectionery компаниясы «Раxат» АҚ-ның барлық акцияларын сатып алған болатын. 2013 жылдың 23 желтоқсанынан 2014 жылдың 15 қаңтарына дейін «Раxат» АҚ компаниясының акциялары бойынша келіссөздер жүрді. «Рахатқа» тиесілі барлық 855 мың 133 акция Lotte меншігіне өтті. «Раxат» Қазақстанда 70 жылдан бері кондитерлік өнімдер шығарумен айналысатын ірі компаниялардың бірі.