Бұл туралы Рёнхап әскерилерге сілтеме жасап хабарлады.
Олардың айтуынша, оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.
«Экипаж мүшелерінің бірі қателесіп, шұғыл қару тастау батырмасын басқан», - деді дереккөз.
Зымырандар елдің шығыс жағалауынан 30 шақырым жердегі суға құлаған.
Оқиға сәтінде зымыран құлаған ауданда бір ғана балық аулайтын қайық жүзіп жүрген.