Оңтүстік Кореяның азаматы наразылық белгісі ретінде көлігімен Жапония елшілігінің қақпасын қиратты

АСТАНА. 9 шілде. ҚазАқпарат - Корея Республикасының азаматы жапондық оңшыл ұлтшылдардың әрекеттеріне байланысты наразылығы ретінде шағын жүк тасушы көлігімен Жапония Елшілігінің қақпасын соқты.

Бұл туралы бүгін сеулдық полиция хабарлады.

 «Мен Елшілік қақпасын маусым айында кореялық әйелдердің есімдерін қорлаған жапониялық оңшыл белсенділердің әрекеттеріне наразылық ретінде соқтым. Бұл әйелдерді жапониялық әскерлер Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде күштеп сексуалдық құлдыққа әкеткен», - деп мәлімдеді тәртіп сақшыларына оқиға орнында ұсталған көліктің жүргізушісі.