Оңтүстік Кореяның «Елкон Чонги» фирмасы Қызылордада электр стансысын салмақ
14:21, 27 Қыркүйек 2010
ҚЫЗЫЛОРДА. Қыркүйектің 27-сі. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда қаласында Оңтүстік Кореяның «Елкон Чонги» атты фирмасы қуаттылығы 150 МВт болатын электр стансысын салатын болды.
Сөйтіп, Ақшабұлақта салынып жатқан қуаттылығы 87 МВт газтурбиналық электр стансысының қасына тағы бір жарық беруші өндіріс орны қосылмақшы.
Қазіргі таңда аймақта энергетикалық тәуелсіздікке қол жеткізу мақсатында ВЛ-220 кВ «Құмкөл-Қызылорда» электр желісінің құрылысына техникалық-экономикалық негіздеме әзірленіп, 2010 жылдың мемлекеттік сараптамасының қорытындысы алынды. Бұл жоба ҚР Электр энергиясын дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған салалық бағдарламасына енгізіліп отыр.